Абу Даби қаласында «Grand Slam» Халықаралық дзюдо турнирі өтуде. деп хабарлайды dodasport.kz сайты. Қазақстан құрамасына екінші медальді Азамат Мұқанов салды.
66 келіде бақ сынаған отандасымыз бірінші айналымда Біріккен Араб Әмірлігінің спортшысы Алхосани Халифаны иппон әдісімен жеңді. Одан кейінгі кездесуінде Бразилиялық Шивана Чарлезді де иппон әдісімен таза ұтты.
Жартылай финалда Португалиялық Олейнин Сечдиуді шидо әдісімен қапы қалдырды. Финалда Ресейлік Шамилов Якубтан жеңілді.
Айта кету керек, ерлер арасындағы 66 келі салмақта 15 спортшы бақ сынады. Оның арасында тағы бір отандасымыз Тельманов Асхат та бар. Ол да Ресейлік Шамилов Якубқа есе жіберді.