Басты бет / Кәсіпқой бокс / Айдар Шәрібаев / АЙДАР ШӘРІБАЕВ МЕКСИКАЛЫҚ БОКСШЫМЕН ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ДАЙЫН

АЙДАР ШӘРІБАЕВ МЕКСИКАЛЫҚ БОКСШЫМЕН ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ДАЙЫН

 

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев Қанат Ислам мен Патрик Аллотей бокс кешінің андеркатында өзінің төртінші жекпе-жегін өткізеді.

Қарсыласы «У» атты лақап атымен белгілі  Мексикалық боксшы Хуан Окура. Алматы төрінде жеті кездесу өтеді десек, Айдардың қарсыласы солардың ішіндегі ең мықтысы болып тұр. Хуан кәсіпқой боксшылар рейтингісінде 148-ші орында тұр. Латын америкалық боксшы осыған дейін 18 кездесу өткізіп, оныің 11-інде жеңіске жеткен. Төрт кездесуді уақытынан бұрын аяқтаған.

«Албан» атты лақап атпен шығатын отандасымыз Айдар Шәрібаев кездесуге толықтай дайын екенін айтты:

«Мексикалық боксшының кездесулерін қарап шықтым. Өздеріңізге белгілі Мексикалық боксшылар көбіне лас әрекеттер жасайды. Ашық төбелесті ұнатады. Олармен бет алды төбелесудің еш маңызы жоқ. Арнайы тактика құрып, ойланып жұмыс жасау керек. Жекпе-жек алдындағы жаттығу жұмыстарын өзімнің «Айдар классис» бокс залымда өткіздім. Кәсіпқой боксқа енді қадам басып жатқан бауырларыммен спарринг жұмыстарын жүргіздім. Оған Мұса Тұрсынғалиев пен Жандос Қыдыралиев (жақында ғана Қытай елінде алғашқы кездесуін өткізді) көмектесті. Жеке бапкеріммен тыңғылықты дайындалдық», -дейді Айдар.

Айта кету керек, жекпе-жек алты раундқа жоспарланған. Төрт жыл қатарынан кәсіпқой бокста бағын сынап жүрген Мексика боксшысына Айдар жойқын соққысымен төтеп берер деген сенімдеміз.

Естеріңізге сала кетейік, Айдардың қарсыласы 29 жасар Хуан соңғы кездесуін Ресейлік Александр Подольскийге  (7 (3KO)-0) қарсы өткізіп, ұпай санымен жеңіліп қалған болатын. Мексикалық боксшылардың промоутерлері тіпті боксшыға жылдық жоспар құрып қойыпты. Одан кейінгі жекпе-жегі қараша айының ортасында Украиналық Денис Беринчикке қарсы өтпек.

 

 

 

 

 

 

 

Сондай-ақ

ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДА КОМИТЕТІ ТАҒЫ ҮШ ҚАЛАҒА СПОРТТЫҚ АЛАҢДАР ТҰРҒЫЗДЫ

Қазақстан Ұлттық Олимпиада Комитеті бұқаралық спортты дамыту мақсатында еліміздің түкпір-түкпіріне спорттық алаңдар тұрғызуды қолға алғанын …