Кәсіпқой бокста 5 кездесу өткізіп, барлығын нокаудпен жеңген Айдос Ербосынұлы 24-ші наурыз күні Нью-Джерси штатында кезекті жекпе-жегін өткізді. Қарсыласы Риарус Дадлимен (Америка) болған кездесуді сәтті аяқтап, жеңісін қазақ еліне арнады. Осы ретте, dodasport.kz сайтының тілшісі шойын жұдырықты жерлесімізді сөзге тартып, сұхбат алған болатын.
— Кешегі жекпе-жекте кәсіпқой бокстағы 5-ші жеңісіңізге қол жеткіздіңіз. Кезекті рет нокаудпен. Жарақатыңыздан айыққаннан кейінгі алғашқы кездесуіңіз. Жалпы, кездесу жайында айтып өтсеңіз. Қалай өрбіді?
Дұрыс айтасың, жарақаттан кейн біраз демалдым. Жалпы жекпе-жек жақсы өрбіді. Екінші раундта қарсыласыма бірнеше ауыр соққылар бағыттап, қарсыласым тізерлеп қалды. Нәтижесінде нокаудпен жеңіске жеттім.
— Бастапқыда, Нью-Джерсиде ұйымдастырылған кездесуде сізді Майкл Митчеллмен жұдырықтасады деп күтілді. Дегенмен, қарсыласыңыз өзгерді. Бұл жағдай сізге кері әсер еткен жоқ па?
Жоқ, ешқандай кері әсері болған жоқ.
— Майкл Митчелл кездесуден неге бас тартты?
Білмеймін. Не себепті кездесуден бастартқаны маған беймәлім.
— Бұл жекпе-жек Сіздің Америкадағы дебютыңыз. Бокс кешінің ұйымдастырылуы жайлы айтып өтсеңіз.
Иә, менің Америкадағы дебютым. Жалпы кездесу жаман емес. Үлкен бокс кеші болмағанымен жақсы өтті.
— Алдағы жоспарларыңыз қандай? ЭКСПО көрмесі кезінде Қазақстанда үшінші рет шаршы алаңға шығу ойда барма?
ЭКСПО кезінде Қазақстанда кездесуге ниет бар. Алла жазса, мүмкін шығып қалармыз.
Сұхбаттасқан: Ильяс СӘРСЕНБАЙ.