Санкт-Петербург қаласында болып жатқан бокстан жастар арасындығы әлем чемпионаты жалғасуда. 52 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын отандасымыз Айдос Апаров армениялық Жирар Саргсянды айқын басымдылықпен ұтты.
Алғашқы минуттардан ширақ қимылдаған Айдос қарсыласын соққының астына алды. Екінші раундта да Жирар Саргсян отандасымызға қауқар көрсете алмады. Айдос шаршы алаңда шеберлігін танытып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Енді ол ширек финалда кубалық Креспо Сантоспен кездеседі.