Басты бет / Слайдер / АЛМАТЫЛЫҚ АЯҚДОПШЫЛАР СУПЕРКУБОКТЫ ҰТТЫ

АЛМАТЫЛЫҚ АЯҚДОПШЫЛАР СУПЕРКУБОКТЫ ҰТТЫ

Алматылық «Қайрат» клубы Қазақстан суперкубогын иеленді. Алматылық аяқдопшылар ел чемпиондары «Астана» клубымен кездесіп, айласын асырды.

Бұл ойында екі команда да өрнекті ойын үлгісін көрсетті. Алматылық «Қайраттың» қарқыны қандай болса, «Астана» да сондай қауқармен жауап беріп отырды. Екі жақ та бір-біріне қауіпті шабуылдар жасап, қақпашылардың қапысын табуға тырысып-ақ бақты. Дегенмен алғашқы есепті ашу «Қайратқа» бұйырды. Ойынның 76-шы минутында испаниялық легионер Сесар Арзо алғашқы голдың авторы атанды. Елордалық ойыншылар қанша тырысқанымен, есепті теңестіре алмады. Ал, ойынның нүктесін Исламбек Қуат қойды.

Осымен, Алматылық «Қайрат» командасы екінші рет суперкубоктың иегері атанды.

«Қайрат» 2-0 «Астана»
Голдар: 76′ Арзо, 90′ Қуат

Ескерту алғандар: Қуат 28′, Аршавин 61′ — Маевский 58′

Ойыннан қуылды: Қуат 90′
«Қайрат»: Владимир Плотников (В), Елдос Ахметов, Гафуржан Суюмбаев, Жарко Маркович, Сесар Арзо, Михаил Бакаев, Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан (К) (Рудосельский 90′), Андрей Аршавин(Иличевич 71′), Исаэль (Жуков 86′), Жерар Гоу

«Астана»: Ненад Эрич (В) (К), Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко, Марин Аничич, Евгений Постников(Шитов 82′), Абзал Бейсебеков, Иван Маевский, Аздрен Лулаку (Жалмұқан 71′) , Серікжан Мужиков, Патрик Твумаси (Мұртазаев 80′), Джуниор Кабананга.

Сондай-ақ

ПОЛТОРАНИН ІРІКТЕУДЕН АСА АЛМАДЫ

Норвегияның Драммен қаласында шаңғы спорты бойынша әлем кубогының кезеңі өтуде. Жалпы бұл кезеңге Қазақстан атынан …