Басты бет / Басқа түрлер / АЛТАЙДЫҢ АР ЖАҒЫНДА ӨТКЕН ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ

АЛТАЙДЫҢ АР ЖАҒЫНДА ӨТКЕН ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ

 

Қытайдағы қандастарымыз мекендеп отырған Алтай аймағының Алтай қаласында қар шаңғысының ең көне түрінен жарыс ұйымдастырылды.

Қытай ақпарат құралдарының хабарлауынша, Алтайға Қытай және әлемнің жер-жерінен туристер келіп, жергілікті қазақтардың аң терісінен жасалған қар шаңғысымен сырғанау дәстүріне куә болып қайтады екен. Жергілікті қазақтар Қытай тарапынан 2006 жылы «Адамзаттың ең байырғы қар шаңғы мәдениетінің мұрагері» деп танылған. Бұған басты себеп, таулы Алтайды мекендеген қандастарымыз аң аулауға пайдаланатын аң терісінен жасалған қар шаңғысы Қытай ғалымдарының археологтарының зерттеу нәтижесі негізінде 10 мың жылдық тарихы бар болып шықты.

Ал аң терісі қапталған шаңғы Қытай тарапынан «Қазақ халқының материалдық емес мұралар тізіміне» кіргізілген. Жергілікті туризм саласының дамуы көне қар шаңғысы мәдениетінің одан ары жалғасуына жақсы әсерін тигізген. Жергілікті қазақ жастары бұл күнде көне дәстүрді жандандырып, әр жыл сайын шаңғы жарыстарын ұйымдастырып келеді екен.

Ақпарат көзі: inform.kz

 

 

Сондай-ақ

ДЖИУ-ДЖИТСУ СПОРТЫ БОЙЫНША ТҰҢҒЫШ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

  Джиу-джитсу спортынан Қазақстандық спортшылар әлемдік аренада өздерін көрсете бастады. Джиу-джитсудың «Невада» түрі бойынша елімізден …