Басты бет / Соңғы жаңалықтар / «АЛТАЙ» ФК КУБОКТЫҚ БӘСЕКЕДЕН БАС ТАРТТЫ

«АЛТАЙ» ФК КУБОКТЫҚ БӘСЕКЕДЕН БАС ТАРТТЫ

Өткен жылы Бірінші лигада күміс жүлдегер атанған «Алтай» футбол клубы Қазақстан Кубогында бақ сынаудан бас тартты. Бұл жөнінде Айдын Қожахмет өзінің «Твиттерінде» хабарлады. Осыған дейін, «Алтай» клубы премьер-лига талаптарына сай емес делініп, Қазақстанның басты доп додасына жіберілмеген болатын.

 

Кубоктың бірінші айналымына жолдама алу үшін, Бірінші және Екінші лиганың тоғыз клубы Шымкент қаласында кездесулер өткізуі шарт. Ал, Шығыс Қазақстандық команда Шымкентке бармаған. Кесте бойынша «Алтай» клубы «Қыран» футболшыларына қарсы алаңға шығуы керек болатын.

 

Ильяс СӘРСЕНБАЙ.

Сондай-ақ

ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕР АЗИЯ ГРАН-ПРИІНЕН 2 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

  24 сәуір күні Қытайдың Цзиньхуа қаласында жеңіл атлетикадан Азия құрлығының чемпионаты мәресіне жетті. Бұл …