Өскенмен қаласында волейболдан әйелдер арасында ұлттық лиганың бірінші кезеңі мәресіне жетті. «Алтай» құрамасы жеңімпаз.
Ойынның соңғы күндері айтарлықтай жаңалыққа толы болмады. Барлық мықтылар жеңіске жетті. «Иртыш-Казхром» құрамасы «Алматыны» жеңсе, «Жетісу» өз кезегінде «Қарағандыны, Өскемендік «Алтай» болса «Астананы» оңай жеңді.
Лигада жеңіске жеткен «Алтай» мүмкін болған 15 ұпайдың барлығын еншіледі. Басты қарсыластары «Иртыш-Казхром» төрт ұпай қалып қойды. Үздік үштікте 10 ұпаймен «Жетісу» командасы.
Әр құрамадан бірінші кезеңнің үздіктері анықталды; Сана Анарқұлова («Алтай»), Кристина Карапетян («Иртыш-Казхром»), Екатерина Попова («Жетісу»), Ольга Соболева («Алматы»), Мария Навратилова («Астана») және Наталья Журба («Қарағанды»).
Волейболдан әйелдер арасында ұлттық лиганың бірінші кезеңі. Өскемен.
«Иртыш-Казхром» — «Алматы» — 3:1 (25:16, 23:25, 27:25, 25:22)
«Жетісу» — «Қарағанды» — 3:0 (25:17, 25:17, 25:13)
«Алтай» — «Астана» — 3:0 (25:18, 25:10, 25:12)
Ұлттық лига, 23-жасқа дейінге жастар арасындағы чемпионат. Өскенен.
«Иртыш-Казхром-2» — «Алматиночка-Алматы» — 3:1 (25:11, 17:25, 25:19, 25:23)
«Жетісу-2» — «КЭУК-Қарағанды» — 3:0 (25:23, 27:25, 25:23)
«Алтай-2» — «Астана-2» — 3:1 (25:16, 25:18, 22:25, 25:14)
Ұлттық Лиганың бірінші кезеңнен кейінгі турнирлік кестесі:
1. «Алтай» — 15 ұпай
2. «Иртыш-Казхром» — 11 ұпай
3. «Жетісу» — 10 ұпай
4. «Алматы» — 5 ұпай
5. «Астана» — 4 ұпай
6. «Қарағанды» — 0 ұпай
23 жасқа дейінгі қыздар арасындағы турнирлік кесте:
1. «Иртыш-Казхром-2» — 15 ұпай
2. «Алтай-2» — 12 ұпай
3. «Жетісу» — 6 ұпай
4. «КЭУК-Қарағанды» — 4 ұпай
5. «Алматиночка-Алматы» — ұпай
6. «Астана-2» — ұпай