АЛҒАШҚЫ АЛТЫН ҚОРЖЫНДА

Ауыр атлетикадан Түркіменстанда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль түсті. 69 келіге дейінгі салмақта жарыс жолына шыққан қазақстандық Альберт Линдер Азия чемпионы атанды.

Қазақстандық зілтемірші қоссайыс қорытындысы бойынша 335 келіні еңсерді. Жұлқа көтеруде 148 келіні, серпе көтеруде 187 келіні бағындырды. Қоссайыста 335 ұпай жинап, отандасымыз Азия чемпионы атанды. Күміс медаль Солтүстік Кореялық спортшы иеленсе, қола медаль қытай спортшысына бұйырды.

Сондай-ақ

ИЛЬИН: «КЕЛЕСІ КЕЗЕКТЕ — МЕН»

Қазақ елінің мақтанышы болған Олимпиада чемпионы Илья Ильин қазақстандық ауыр атлетші қыздардың спорттан шеттетілуіне қатысты …