Басты бет / Бокс / АНДАШЕВ АТЫНДАҒЫ БОКС ТУРНИРІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

АНДАШЕВ АТЫНДАҒЫ БОКС ТУРНИРІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Атырау қаласында Бокстан КСРО спорт шебері Қамбар Андашевтың рухына арналған жасөспірімдер арасындағы  Республикалық турнир мәресіне жетті.

27-30 қыркүйек аралығында өткен турнирде Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облысы былғары қолғап шеберлері бақ сынады.

Андашев турнирі жасөспірім боксшылар арасындағы деңгейі жағынан жоғары турнирлердің бірі болып табылады. Биылғы турниге ел біріншілігінің, түрлі халықаралық додалардың жеңімпаздары бақ сынады. Жақында өткен «Азия балалары» ойындарының чемпиондары қатысты.

Андашев турнирі дәстүрге айналғаны белгілі. Бұл сайыс арқылы шыңдалып, шеберлік деңгейін жетілдірген жас жеткіншектер кейін әлемдік аренадағы қас шеберге айналмақ. Атырау облысының спортшысы, Андашев турнирінің төрт жыл бұрынғы чемпионы Қазыбек Сапенов үлкен жеңістің алғашқы дәмін осы турнир арқылы сезгендігін айтады. Спортшымыз қазіргі кезде ұлттық құрама сапында ел намысын қорғап, Азия чемпионатының жүлдегері атанып үлгерді.

Турнирдің құрметті қонағы ретінде Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Наутиев келіп спортшыларды марапаттады. Қамбар Андашев ағамыздың туыстары, балалары мен іні-қарындастары төрт күн бойы өткен доданың жанкүйерлері болды. Жарыс соңындағы салтанатты жиында барлық төрешілер мен жаттықтырушылар марапатталды. Қамбар ағамыздың отбасы атынан үздік шыққан боксшыларға арнайы сыйлықтар табыс етілді.

«Ең үздік боксшы» атағын Атыраулық Еламан Рахметолла жеңіп алды. «Үздік төреші» болып Ералиев Айдамир танылды. Бітімов Абылайхан «үздік техникалы боксшы» атанды. Оңтүстік Қазақстандық Куканов Әкімбек «жеңіске деген жігері үшін» марапатталды.

Бокстан КСРО спорт шебері Қамбар Андашевтың рухына арналған жасөспірімдер арасындағы  Республикалық турнир нәтижелері:

44 кг.

1. Ибрагимов Дінмұхамед Маңғыстау.

2. Бекболатұлы Аманжол Атырау.

3. Тажиев Мұрат Атырау қаласы.

3. Ізімов Әбілмансұр Маңғыстау.

Қамбар ағамыздың немересі жеңімпазды марапаттау үстінде

46 кг.

1. Тойбай Ермахан Жамбыл.

2. Қалиев Тұрарбек БҚО.

3. Айтжанов Ернар Атырау қаласы.

3. Қуандықов Б. Атырау.

48 кг.

1. Нұриденов Нұрсұлтан БҚО.

2. Асқарбеков Айдос Жамбыл.

3. Базарбаев Берекет Маңғыстау.

3. Қамит Ақылбек Атырау.

50 кг.

1. Ермахан Нұрбек Жамбыл.

2. Тлеушов Әділхан Атырау қаласы.

3. Қайыр Ерасыл Атырау.

3. Қайреден Елболсын Атырау.

52 кг.

1. Бисенов Қанат Ақтөбе.

2. Чумак Данил Қостанай.

3. Бауыржанұлы Бекжан ОҚО.

3. Сембай Әлихан Атырау қаласы.

54 кг.

1. Медет Айдос Ақтөбе.

2. Куканов Әкімбек ОҚО.

3. Бахтыбаев Нұрбек Маңғыстау.

3. Әбдінағи Аслан Ақтөбе.

57 кг.

1. Нығметуллин Дархан Атырау.

2. Дюсембаев Мақсұт Павлодар.

3. Боранұлы Дінмұхамед Жамбыл.

3. Баттал Айдын Жамбыл.

60 кг.

1. Рахметолла Еламан Атырау.

2. Бітімов Абылайхан Атырау.

3. Қабен Досжан Павлодар.

3. Какенов Орақ Ақтөбе.

63 кг.

1. Әбдіхан Ақжол Маңғыстау.

2. Есенов Әли Ақтөбе.

3. Қуангериев Иса Атырау.

3. Өтеген Сұлтан Атырау қаласы.

66 кг.

1. Абенов Алан Павлодар.

2. Ұзақбаев Ислам Ақтөбе.

3. Өрбісін Бақдәулет Ақтөбе.

3. Дарханов Рахат Атырау қаласы.

70 кг.

1. Нұрымов Нұркен Атырау

2. Жазкенов Асылан Павлодар.

3. Келіс Бейбарыс Атырау.

3. Мұхат Мұхтархан.

75 кг.

1. Айтқалиев Аят Атырау қаласы.

2. Ұзақбай Нариман Жамбыл.

3. Нәсіпқалиев Бекзат БҚО.

3. Құлымжан Али Атырау қаласы.

80 кг.

1. Сабырғали Аманат Атырау қаласы.

2. Эдуардұлы Роберт Атырау қаласы.

3. Фризен Илья Қостанай.

3. Елешұлы Ілияс Ақтөбе.

 

Сондай-ақ

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҮСТЕЛ ҮСТІ ТЕННИСІ ТУРАЛЫ

Астанада өтетін Гранд финал турнирі қарсаңында ҚР Парламент Сенатының төрағасы, Үстел теннисі федерациясының президенті Қасым-Жомарт …