Бұрынғы Ресей құрамасының капитаны Андрей Аршавин спорттық мансабын «Қайрат» құрамасы сапында аяқтайтынын мәлімдеді. Құрамамен келісім шарт бір жылға наурыз айында жасалған. «Қайрат» құрамасынан бөлек оған Қытай мен Катар елінен бірнеше ұсыныстар түскен.
«Қазір ешандай ұсыныстар келіп түскен жоқ. Қытай елінен ұсыныс түскен. Бірақ мен Қытай мен Жапония еліне бірнеше рет барып, өзімді қолайсыз сезіндім. Катар келісімін қарауыма болатын еді, бірақ ол жерде де аса қолайлы емес. Мен бұрынғыдай армандауды қойған адаммын.
Футболшы өзінің отандасы, «Зенит» құрамасы сапындағы әріптесі Александр Кержаков секілді қиын жағдайда қалғысы келмейді. Кержаков Питерліктер сапында жарты маусы бойы бір ойынға да шықпады. Кейін «Цюрих» командасына жалға берілді. Жарты жылдан сон кейін «Зенитке» қайта оралып, бар болғаны сегіз кездесуде бір ғана гол салды.
Мен оның жағдайын кешкім келмейді. Оған «Қайратқа» келуге кеңес беремін». — деді Аршавин