Грекия елінің Sportdog.gr спорт порталы Еуропа Лигасы топтық кезеңінің төртінші кездесуі алдындағы «Астана» — «Олимпиакос» ойынына баға берді. Ауа-райының тым суық екенін айтты.
«Қазақстанда ауа-райы өте суық. Төрт градус Цельсиді көрсетіп тұр. Олардың ойын алдында шатырларын шабатыны қандай жақсы! Аренаның сырты суық болса, іші жылы болады. 17 градус жылылық ойыншыларға қолайлы», — дейді портал.
«Астана» — «Олимпиакос» арасындағы ойын 3 қараша күні жергілікті уақытпен 22:00-де өтеді.
Алғашқы ойын Гректер пайдасына 4;1 есебімен аяқталған болатын.