Ташкентте өтіп жатқан дзюдо спортынан гран-приі турнирінде Аэлита Щербакова қола жүлдегер атанды, — деп жазады dodasport.kz.
Жарыстың екінші күні алғаш болып Аэлита Щербакова 70 келі салмақта жүлдегер атанды. Ол алғашқы белдесуінде Өзбекстандық Алибоеваны жеңді. Екінші кездесуінде Матниазва Гүлнарадан иппион әдісімен ұтылды. Ал қола жүлде үшін таласта Саидова Үмиданы иппон әдісімен жеңді.
Айта кетейік, 70 келі салмақта жеті спортшы бақ сынады.