Басты бет / Бокс / АҚПАН АЙЫНДА ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА САЙЫСТАРҒА ҚАТЫСАДЫ

АҚПАН АЙЫНДА ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА САЙЫСТАРҒА ҚАТЫСАДЫ

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов жылдық жоспарымен бөлісті.

«Біз жаңа құраманы сайысқа шығарамыз. Олимпиада ойындарынан кейін олардың деңгейін байқап көру керек. Тәжірбиелі боксшыларымыз жетерлік. Ал жас боксшыларымыз өздерін жақсы қырынан көрсетіп, таңқалдыру керек. Сайыстарда бір салмақ дәрежесінде бір емес, екі-үш боксшыны қатар бәсекеге қосамыз.

Ақпан айында алғашқы турнир өтеді. Ол Венгрия еліндегі  «Иштван Боскай» мемориалы. Ал наурызда екі бірдей Халықаралық турнир бар: Германияда және Финляндияда. Басқа да түрлі додалар бар. Басты мақсат Азия чемпионатына тыңғылықты дайындалу. Осы аралықта өз-өзін көрсете алған боксшы құрлық бәсекесіне жолдама алады», — дейді бас бапкер.

Ақпан айында боксшыларымыз АҚШ және Германия елдерімен біріккен оқу-жаттығу жұмыстарын жасайды. Ал наурыз айында Германия еліне барып, Галле қаласында өтетін турнирге қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, дәл қазір ұлттық құрама мүшелері Алматы қаласындағы AIBA Академиясында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.

Сондай-ақ

МЕССИ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІ 2018-ГЕ ҚАТЫСАТЫН ҚҰРАМАЛАР ЖАЙЛЫ ӨЗ ОЙЫН АЙТТЫ

Аргентина ұлттық құрамасының және «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси алдағы әлем біріншілігінде топ жарып шығуы …