Конфедерация кубогы аясындағы «Д» тобының бәсекелері Тараз қаласында өтті.
Еркін күрес шеберлері арасындағы бәсекеде Ақтөбе облысы жеңіске жетіп, финалға жолдама алды. Екінші орынды Маңғыстаулық балуандар еншіледі. Үшінші және төртінші орындары сәйкесінше Жамбыл мен Атырау облыстары иеленді.
Айта кетейік, ақтық сын желтоқсан айында Алматы қаласында өтеді.
Фото: Ізтұрған Алдауев