Басты бет / Мақала / «АҚТӨБЕ» СЫРТ АЛАҢДА 3 ҰПАЙ ИЕЛЕНЕ МЕ?

«АҚТӨБЕ» СЫРТ АЛАҢДА 3 ҰПАЙ ИЕЛЕНЕ МЕ?

Бір кездері еліміздің ең үздік клубы болған «Ақтөбе» клубы қазір үлкен қиындықты бастарынан кешіруде. Сондықтан ертең олар Шымкенттік «Ордабасыдан» толық 3 ұпайды иеленіп, жағдайларын аз да болсын жақсартулары қажет. Әйтпесе, көш соңынан шыға алмай қалуы ықтимал. Біздің ұжым 13-ші турдың өзгеде ойындарына болжамдарын ұсынады.

13-тур. 20-мамыр

«Ордабасы» — «Ақтөбе»

Қазіргі таңда «Ордабасының» маңдайынан жел есіп тұр. Біріншілікті қарқынды түрде бастады. Қазір «Астанадан» кейін, екінші орында келеді. Сондықтан, бұл ойында фаворит — шымкенттіктер. Бірінші айналымда өткен ойында шымкенттіктер 1-0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Дегенмен, біз осы жолы екі команда да гол соғады деген бәсті таңдадық.

«Қайрат» — «Тараз»

 

Бір қызығы қос клуб та өткен турда «камбэк» жасады. Бірі «Оқжетпесті» жеңсе, бірі «Қайсарды» тізе бүктірді. Қос команданың арасындағы алғашқы ойын тең аяқталған болатын. «Қайратқа» есе қайтаратын тамаша мүмкіндік келіп тұр. Бұл ойынға команда капитаны Бауыржан Исламxан қатысуы мүмкін. Гоу, Исаэл сынды ойыншыларға қауқар көрсету Тараздық жігіттерге қиын болары анық. Сондықтан, бұл жолы да дәстүрден таймай, «Қайрат» жеңеді деп отырмыз.

«Ертіс» — «Атырау»

Павловтың басшылығымен жеңілмей келе жатырған «мұнайшылар» өткен ойында «Ақтөбеден» ұтылды. Атыраулықтар екі ойын қатарынан пенальтиден жапа шекті. Оған жанкүйерлер де, ойыншылар да ызалы. Және тағы да  ұпайларынан қайтадан айырлуы мүмкін деген қауесеттер шығып жүр. Бұл мәселелер ертеңгі ойынға әсер етпейді деген ойдамыз. Ал, Дмитров шәкірттерінің ойыны жүрмей жүр. Өз алаңдарында «Ордабасыдан» ұтылды. Кубоктық бәсекеден де шығып алды. Осы олқылықтардың орнын «Атырауды» жеңіп қайтарады деген ойдамыз.

«Қайсар» — «Шаxтер»

Біріншілікті тәп-тәуір бастаған «қасқырлардың» қазіргі жағдайы ала-ғұла. Өткен турда «Таразға» оңбай ұтылды. Жанкүйерлерге бас бапкер Стойчо Младеновтың жұмысы ұнамайтын секілді. Кеншілердің жағдайы енді түзеле бастаған сияқты. Айдос Тәттібаевтың голының арқасында «Ақжайықты» жеңді. Бұл ойыншыдан бірдеңе шығары анық. Бұл ойында «Шаxтер» жеңілмейді деген бәсті таңдадық.

«Тобыл» — «Оқжетпес»

Ойындары мардымай жүрген көкшетаулықтар үшін бұл ойын өте қиынға соғатыны анық. Ал, «Тобыл» чемпионатта аз ұтылған командалардың қатарында. Үздік орындарға таласуға шамасы жетіп артылады. Муxановтың айырылып қалған «Оқжетпес» бұл ойында жеңіледі деген ойдамыз.

«Ақжайық» — «Астана»

Қарсыластарынан оқ бойы озып бара жатқан «Астана» үшін бұл ойын қиындық келтірмейтін болар. Жайықтың жігіттері өз алаңдарында тәп-тәуір ойнайды. Бірақ, бұл ойында чемпиондардың жеңіліссіз сериясын тоқтата алмайды деген ойдамыз.

Сондай-ақ

«ТОРПЕДОНЫ» ҚХЛ-ДА ОЙНАЙТЫН КОМАНДА ЕТУІМІЗ КЕРЕК

Өскемендік «Торпедо» хоккейшілері алдағы маусымға дайындықтарын бастап кетті. Өткен 2016-2017 жылдарғы маусым жерлестеріміз үшін аса …