Қазақстан футболында тағы бір даудың шеті шығып келе жатыр, деп жазады Kaz.Vesti.kz тілшісі.
«2012-2013 жылдары «Ақтөбе» сапында шетелдік Сергей Ковальчук есімді футболшы өнер көрстекен. 2015 жылдың қаңтар айына дейін жасалған келісімшартына қарамастан ол командадан қуылған болатын. 2014 жылдың 24 сәуір айында футболшы дауларды шешу Палатасына шағымдан. «Қазақстан футбол Федерациясы» Қауымдастығы арызды қабылдап, 2014 жылдың 1 маусымынан кешіктірмей келісімшартты бұзғаны үшін төленуі қажет қаражатты беруді шешті.
Алайда Серей Ковальчук бұл ақшаны да ала алмаған. Амалы қалмаған футболы ФИФА Тәртіптік комитетіне арыз түсірген. Қазірга таңда «Ақтөбе» футбол клубынан ұпайды шегеру және жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салу үшін барлық халықаралық құжаттар әзірленуде.
Серей Ковальчуктің өкілі Олег Печерныйдің айтуынша, ФИФА
жылдың мамыр айына дейін бұл мәселе байланысты бір шешім шығарады», — делінген хабарламада.