Басты бет / Бокс / БЕКМАН СОЙЛЫБАЕВ САЛМАҚ ӨЛШЕУ РӘСІМІНЕН ӨТТІ

БЕКМАН СОЙЛЫБАЕВ САЛМАҚ ӨЛШЕУ РӘСІМІНЕН ӨТТІ

 

 

10 наурыз 2017 жыл. Marconi Automative Museum, Тустин, Калифорния, АҚШ. Бекман Сойлыбаев (Қазақстан, 9-0-0, 4КО) — Герман Мераз (Мексика, 55-42-1, 32KO), 8 раундтық кездесу, екінші жеңіл салмақта (59 келі — 132 фунт) өтеді.

Бүгін боксшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Екінші орта жеңіл салмақта шаршы алаңға шығатын отандасымыз 60,2 келі салмақты көрсетті. Ал қарсыласы Мексикалық 59,9 келі. Айта кету керек, бұл боксшымыздың оныншы жекпе-жегі болмақ.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаев украиналық былғары қолғап шебері Василий Ломаченкомен жекпе-жек өткізді. Боксшылар Лос-Анджелестегі Wild Card West дайындық қалашығында жұдырықтасты.
«Бұл жекпе-жектің мен үшін маңызы өте зор. Дайындығымды бір пысықтап, неге қауқарлы екенімді байқадым. Василий Ломаченко — екі дүркін Олимпиада жеңімпазы, Вэл Баркер Кубогының иегері, оның үстіне менің салмағымда WBO чемпиондық белбеуі бар. Сол себепті бұл жекпе-жектің маңызы зор болды. Ол жақсы әріптес, жаны жайлы адам. Болашақта рингте чемпиондық кездесуде жолығамыз деп үміттенемін», — дейді Сойлыбаев.

Бекман Сойлыбаев бір айдан бері Лос-Анджелес қаласында танымал бапкер Эрик Браунның қол астында жаттығу жұмыстарын жасап жүр.

 

 

Сондай-ақ

МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНУДАН ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘЧ ӨТЕДІ

  15-19 наурыз аралығында Тайвань елінің Тайбэй қаласында жастар арасындағы мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өтеді. …