Бокс сарапшысы Дэн Рафаэль Espn.com порталына берген сұхбатында Головкин – Сондерс кездесуі қай жерде өтетіндігін айтты.
Америкалықтың пікірінше: “Жекпе-жек Ұлыбританияда өткізілмейді. Екі тарап келісімге келсе, кездесу 10-шы маусым күні Қазақстанда ұйымдастырылады”.
Ал, Сондерстің бірінші болып ұсыныс тастап, Головкиннің тарапынан әлі күнге ешқандай жауап болмағаны жайлы:
- Головкин 13 күн бұрын ғана жекпе-жек өткізді. Сол себепті келісім-шарт ұзаққа созылып жатыр. Головкинге уақыт керек. Келесі кездесуін маусымда ғана өткізеді, — деген ойымен бөлісті.
Ильяс СӘРСЕНБАЙ.