Қазақстан ұлттық құрамасының және астаналық «Барыс» клубының хоккейшісі Брэндон Боченски жарақатына байланысты мансабын аяқтауы мүмкін, деп хабарлайды dodasport.kz сайты.
35 жасар ойыншы, құрлықтық хоккей лигасының аясында «Металлург» қорғаушысы Алексей Васильченкомен қақтығысып, қатардан шығып қалған болатын. «Гагарин кубогының» үшінші кездесуінде қайта оралғанымен, жарақатынан толығымен айықпаған. Сол себепті, Киевте өтетін әлем чемпионатында Қазақстан құрамасына көмектесе алмауы мүмкін. Тіпті, спорттық мансабына нүкте коюы ықтимал.
Ильяс СӘРСЕНБАЙ.