Қазақстан премьер-лигасының алтыншы тур ойындары болып өтті. Турдың басты ойыны Астанада орын алды. “Астана” өз алаңында “Ақтөбені” жеңді.
«Ордабасы» 1-0 «Қайсар»
Көштің басында келе жатқан қос оңтүстік клубтарының арасындағы ойын өте тартысқа толы болды. Бес ойын бойы сүрінбей келген «қасқырларды», шымкенттіктер тоқтатты. Петрушин шәкірттері жеңіске лайық болды. Исламкулов қорғаған қақпаға алаңның барлық бұрышынан соққы бағыттады. Исламкуловте мықты екен. Шыдап бақты. Ойынның 51-ші минуттында Нұрғалиевтің тепкен добын Исламкулов қайтарған болатын. Бірақ, қақпашының қолынан кері серпілкен допты Марцваладзе қақпаға тоғытты. Одан кейін «қасқырлар» қанша тырысып баққанымен, гол соға алмады.
Ордабасы – Қайсар 1:0 (0:0)
Гол: Марцваладзе 51
Ескертулер: Тұңғышбаев 28 – Нәрзілдаев 9, Евстигнеев 36, Ламанж 39, Коробкин 64
Ордабасы: Бекбаев, Диакате, Марцваладзе (Нөсербаев 69), Ковальчук, Фонтанелло, Йорданов, Нұрғалиев (к) (Гейнрих 84), Смақов, Ерланов, Төлебек, Тұңғышбаев (Бочаров 60)
Қайсар: Исламкулов, Аржанов, Граф, Камара (Курьор 71), Ламанж, Николич (Сахалбаев 80), Нтибазонкиза, Амирсеитов, Байжанов (к), Евстигнеев, Нәрзілдаев (Коробкин 58)
Шымкент қаласы. «Қажымұқан Мұңайтпасов» стадионы. 4 000 көрермен
«Астана» 3-0 «Ақтөбе»
Сапасыз алаңда өткен ойында осынша көп гол соғүылады деп ешкім күтпеген шығар. Бұл ойында «Ақтөбенің» шәкірттері ерледі. Ойынның 12-ші минутында Граховац асырған пасты Логвиненко тамаша пайдаланып, есепті ашты. Одан кейін ойынның деңгейі бірте-бірте төмендей бастады. Матчтың аяқталуына санаулы минуттар қалғанда Кабананга мен Жалмұқан есепті еселеді. Осылайша, «ақ-қызылдар» биылғы маусымдағы үшінші жеңілістеріне ұшырады. Игорь Раxаев мырза тез арада қорғанысты реттеу керек секілді. Қақпаға былтыр тәп-тәуір өнер көрсеткен Самат Отарбаевты тұрғызса абзал болар еді.
Астана – Ақтөбе 3:0 (1:0)
Голдар: Логвиненко 12, Кабананга (пен) 87, Жалмұхан 90+1
Ескертулер: Ллуллаку 63, Граховац 70 – Воловик 80
Астана: Мокин, Аничич, Твумаси (Жалмұқан 78), Маевский, Кабананга, Ллуллаку (Постников 80), Граховац, Шомко (к), Логвиненко, Бейсебеков, Мужиков (Мұртазаев 88)
Ақтөбе: Сидельников (к), Барбоса, Торрес (Диас Морейро 51), Воловик, Гуйе, Юри Алмейда, Аслан (Кәкімов 62), Даутов, Зенькович, Шестаков, Шурыгин (Витор 46)
Астана қаласы. «Тарлан Арена». 1 000 көрермен
«Атырау» 3-3 «Шаxтер»
Аутсайдерлер матчы деп естептелгенімен бұл матч қызыққа толы болды. Бас бапкерінен айырылған «Атырау» үшін бұл матч өте қиынға соқты. Ойынның 11-ші минутында Дәуренбек Тәжімбетов гол соғып, «мұнайлы» өлкенің аяқдопшыларының жағдайын одан сайын қиындатты. Осы голдан кейін жергілікті ойыншылар аяқтарына нық тұрып, 28-ші минутта есепті теңестірді. Артынша 2 минут өткен кейін Ринат Хайруллин кеншілерді тағы да алға шығарды. Осыдан кейін «Атыраулықтар» ойынды толығымен өз қолдарына алды. Осы клубтың сұрмергені Юрий Обшивач дубль орындап, есепті 3-2-ге жеткізді. Осы голдан кейін «Атырау» клубы аз да болсын босаңсып қойған секілді. Ойын аяқталуға санаулы минут қалғанда 18 жасар Орал Өміртаев есепті теңестіріп кетті. Осылайша жеңістің кермек дәмін татып көрмеген қос клуб ұпай бөлісті. Бұлай жалғаса берсе қос клуб та ел біріншілігімен қоштасатыны анық.
Атырау – Шахтер 3:3 (1:2)
Голдар: Тәжімбетов 11 (0:1), Саломов 28 (1:1), Хайруллин 30 (1:2), Обшивач 77 (2:2), Обшивач 83 (3:2), Омиртаев 90+1 (3:3)
Ескертулер: Джокич 56, Саломов 65
Атырау: Пасеченко, Джокич, Лобжанидзе, Саломов (Родич 73), Обшивач, Максимович, Қалмұратов, Абдрахманов, Ли, Сүлей (Нұрыбеков 57), Хайруллин (к) (Двалишвили 60)
Шахтер: Шацкий, Сзоке (Өміртаев 85), Кадио, Айегбуси, Зошак, Станоевич, Аллегриа (Таттыбаев 78), Габышев, Скорых (к), Хайруллин (Мангуткин 72), Тәжімбетов
Атырау қаласы. «Судоремонтник» стадионы. 1 500 көрермен
«Тобыл» 2-2 «Қайрат»
Өткен турда кеншілерді сан соқтырған «Қайрат» бүгін өз әдетіне басты. Биылғы маусымда бесінші рет тең түсті. Алғашқы таймда Иличевич пен Гоудың соққан голдарының арқасында «Қайрат» жеңіп тұрған болатын. Екінші таймда қостанайлық жігіттер ойынды тамаша жүргізді. Алматылық жігіттердің босаңсуын Малый мен Щеткин тиімді пайдаланып, есепті теңестірді. Бұлай жалғаса беретін болса, жақын арада Цхададзе мырзаның кетуін де көріп қалармыз.
«Тобыл» — «Қайрат» 2:2 (0:2)
Голдар: Иличевич 19 (0:1), Гоу 42 (0:2), Щеткин 52 (1:2), Малый 82 (2:2)
Ескертулер: Деспотович 46, Мирошниченко 85 – Куат 60
«Тобыл»: Непогодов, Мирошниченко, Кассай, Малый, Сартаков, Деспотович (90+, Жанғылышбай), Савич, Молдақараев (62, Шимкович), Мухутдинов, Щеткин, Тағыберген
«Қайрат»: Покатилов, Сүйімбаев, Маркович, Арзо, Қуат, Элек, Бақаев, Иличевич (78, Жуков), Исламхан (К), Барбоза, Гоу;
Қостанай қаласы. «Затоболец» стадионы. 2 500 көрермен
«Ақжайық» 1-1 «Оқжетпес»
Батыстық клубтың соңғы кездері ойыны тәп-тәуір жүруде. Әр тур сайын қанжығаларын майлап жүр. Ал, «Оқжетпесте» көз тиді ме, әлде сөз өтті ме белгісіз. Әйтеуір команда соңғы кездері сүріншектеп жүр. Бүгін ойында алғаш болып есеп ашқанымен, ойынның соңғы минутында гол өткізіп алды. Осылайша қолда тұрған 3 ұпайдан айырылды.
Ақжайық – Оқжетпес 1:1 (0:1)
Голдар: Марочкин 18 (0:1), Говедарица 90 (1:1)
Ескертулер: Ерсалимов 2, Говедарица 90 — Шафф 62
Ақжайық: Төлебаев, Сапанов, Одибе, Николич, Шмидт, Коронель ( Рубио 70), Говердарица, Ерсалимов ( Макаев 84), Антипов ( Заречный 66), Аренас, Изу
Оқжетпес: Стаменкович (к), Чертов, Струков, Федин, Юрин, Марочкин, Волков, Хорват, Политыло, Нане ( Генков 90), Шафф ( Недашковский 89)
Орал қаласы, «Ақжайық» стадионы
«Ертіс» 5-2 «Тараз»
Ойынның 17-ші минутында Мухаметшин есепті ашты. Ал, ойынның ар жағы тараздықтар үшін өте аянышты аяқталды. Дарабаевтың қос голы мен Фонсеканың голы «Ертіс» жанкүйерлерінің көңілін орындарына түсірді. Фещук есепті қысқартқанымен, керекуліктер қарқындарына қарқып қосып, есепті 5-2-ге жеткізді.
Ертіс — Тараз 5:2 (1:1)
Голдар: Муxаметшин 17 (0:1), Фонсека 20 (1:1), Дарабаев 59 (2:1), Дарабаев 64 (3:1), Фещук 67(3:2), Алиев 76 (4:2), Джа-Джедже 82 (5:2)
Ескертулер: Дарабаев 8, Родриго 25
Ертіс: Лория, Кислыцин, Ткачук, Воротников, Двали, Живкович, Родриго, Дарабаев, Фонсека (Смаилов 87), Фофана (Джа-Джедже 79), Шабалин (Алиев 72)
Тараз: Логиновский, Ергашев, Диарра, Фещук, Мухаметшин, Горбанец, Миюшкович, Амирханов, Молтусинов, Таубай (Раимбек 84) , Қожамберды (Байжанов 78)
Павлодар қаласы, «Орталық» стадионы.
Турнирлік кесте
Ал, жалпы алты ойында 23 гол салынды. Биылғы біріншіліктегі бұл да бір кішігірім рекорд. Жалпы шығар қорытынды, әр тур сайын біріншілігіміз қыза түсуде.