Басты бет / Слайдер / ГРАНАТКИН ТУРНИРІНДЕГІ КЕРЕМЕТ НӘТИЖЕ

ГРАНАТКИН ТУРНИРІНДЕГІ КЕРЕМЕТ НӘТИЖЕ

 

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында аяқталған Гранаткин мемориалы халықаралық турнирінде 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының футболшылары екінші орын алып, күміс жүлдегер атанды.

Финалға дейін қарсылас шыдатпаған қазақстандық футболшылар шешуші сында алаң иелеріне ғана есе жіберді. Ресейлік қорғаушы Никита Поляковтың соққан голы ойын тағдырын шешті. Ойынның қалған бөлігінде біздің футболшылар есепті теңестіруге тырысқанымен, сәттілік жетіспеді.

Шешуші ойынның қорытындысы бойынша біздің құрамадан шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет үздік ойыншы атанса, Ресей сапынан қорғаушы Никита Каккоев лайық деп танылды.

Қазақстандық футболшылар финалға дейін өткізген бес кездесудің екеуін тең аяқтап, үшеуінде жеңіске жетті. Әсіресе, Литва, Словения, Грекия ұжымдарды ұтқаны жанкүйерлерді қуантып тастады.

Финалдық ойында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қатарынан Еркебұлан Сейдахмет үздік ойыншы деп танылды.
Гранаткин Мемориалы, финал
Қазақстан – Ресей 0:1 (0:1)
Гол: Поляков 27
Қазақстан: Устименко (қ), Аманжол, Батырханов, Кузнецов, Кусяпов, Астанов (Құдайбердінов 83), Жақсылық (Скворцов 60), Кан, Орал (к), Саюнов (Тұзақбаев 83), Сейдахмет
Ресей: Ломаев (қ), Евгеньев (к), Каккоев, Поляков, Поярков, Уткин, Вебер, Глушенков, Глушков (Яковлев 59), Лацевич (Денисов 80), Цыпченко

18 жасқа дейінгі ойыншылардан құралған командалар қатысатын Гранаткин мемориалы турнирінің қорытындысы:
1. Ресей
2. ҚАЗАҚСТАН
3. Зенит
4. Грекия
5. Словакия
6. Латвия
7. Словения
8. Болгария
9. Әзірбайжан
10. Беларусь
11. Молдова
12. Эстония
13. Литва
14. Иран
15. Тәжікстан
16. Үндістан

 

 

Сондай-ақ

БОКСШЫЛАРЫМЫЗ ПОЛЬШАДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Атақты Польша боксын жандандырушы Феликс Штамм құрметіне 34-ші рет ұйымдастырылып отырған турнирде екі қазақ боксшысы …