Басты бет / Басқа түрлер / ГІР КӨТЕРУ СПОРТЫНАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

ГІР КӨТЕРУ СПОРТЫНАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

 

Ақтөбеде облысында гір көтеру спортынан әлем чемпионаты аяқталды.

Жарысқа әлемнің жер-жерінен 400-ден астам спортшы қатысып, 145 медаль сарапқа салынады. Ер және әйел атлеттер, ардагер спортшылар арасында мықтылар анықталады. Төрт күнге созылатын әлем чемпионаты «Қоныс» спорт сарайында өтті.
Чемпионаттың ашылу салтанатына өңір басшысы Бердібек Сапарбаев қатысты. Байрақты бәсекеге 38 елден келген спортшы бақ сынасты. Сондай-ақ, Англия, Канада, Германия, Жапония, Дания спортшылары да өнер көрсетеді. Ал, Австралия, Оңтүстік Африка мен Үндістаннан келген гір көтерушілер арасында әлем чемпионатына бірінші рет қатысып отырғандары бар.


Жарысқа елімізден 90-нан аса спортшы қатысса,оның 18-і ақтөбеліктер. Кәсіби,кәсіпқой спортшылар арасында жүлделі орындарға ие болған жергілікті спортшылар қатарында гір көтеруден 12-дүркін Әлем чеспионы Евгений Гончаров (95 кг.жоғары) 2-орынға ие болды.Ардагерлер арасында Ақтөбеге жалғыз алтын медаль сыйлаған Бөкежан Аманбаевтың (95 кг.жоғары)жеңісін ерекше атап өтуге болады.

Сондай ақ Сергей Гончаровпен Айбек Қуандық 2-орын,әйелдер арасында Алмагүл Шамғоновамен (68 кг.) Жанна Құсайынова 3-орынды қанағат тұтты. Эстафеталық жарыста Салават Жұмағалиев 3-орынды иеленді.

Сондай-ақ

ЕЛОРДАДА ШАҢҒЫ РОЛЛЕРІНЕН АСТАНА АШЫҚ КУБОГЫ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

5 тамызда Қалалық шаңғы роллері тас жолында (Орталық саябақ) шаңғы роллерінен жарыстар өз мәресіне жетті. …