Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Денис Тен Универсияда ойындарына қатысады.
Спортшы бұл туралы әлеуметтік желісінде хабарлады:
«Загребте өткен сайыстың қысқа бағдарламасында конькиімді сындырып, біраз техникалық ақауларға тап болдым. Дәл қазір Мәскеуде жаңа жабдықтарымды аламын. Ертең үйге ораламын. Кейін жыл Универсияда ойындары күтіп тұр», — деді Тен.
«Мәнерлеп сырғанау бойынша қазақстандық команда алдағы студенттік ойындарға қызу дайындықты бастап кетті. Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев сынды ерлер құрамасы АҚШ-та жеке бапкерлермен жаттығып жатыр, ал әйелдер құрамасындағы Айза Иманбек пен Регина Глазман Алматыда дайындалуда», — деді мәнерлеп сырғанау бойынша Қазақстан құрамасының бас бапкері Құралай Узурова.