Шри Ланка елінің Негомбо Бич аралында джиу-джитсу спотынан жағажайдағы Азия чемпиоанаты өтті.
Биылғы Азия құрлығында өткен додада ең мықты деген шеберлер бас қосты. Қазақстан құрамасы екі жүлдені қанағат тұтты. 85 кг салмақ дәрежесінде Андрей Гаврилюк күміс медаль еншіледі. Финалда Иордания өкілі Р. Хайдардан айласын асыра алмады.
69 кг салмақта Закарин Жанболат қола жүлдегер атанды. Шешуші кездесуінде ол Вьетнамдық қарсыласын оңай ұтты. Ширек финалда Кореялық Ким Енгоннан есе жіберіп алғаны болмаса, Жанболат шеберлік деңгейінің жоғары екенін дәлелдей алды. Одан бөлек 62 кг салмақта Орынбаев Асылбек жетінші орынды қанағат тұтты.
Биылғы жағажайдағы Азия чемпионатында Корея, Иордания және Ирак құрамалары өте жақсы дайындықпен келеген. Олар кем дегенде бір алтын медальдан еншіледі.