Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Дзюдо / ДЗЮДОШЫЛАРЫМЫЗ ЕКІНШІ ЖАРЫС КҮНІНДЕ ЕКІ ҚОЛА ЖЕҢІП АЛДЫ

ДЗЮДОШЫЛАРЫМЫЗ ЕКІНШІ ЖАРЫС КҮНІНДЕ ЕКІ ҚОЛА ЖЕҢІП АЛДЫ

Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан Гран-При турнирінің екінші жарыс күнінде Қазақстан қоржынына қос қола медаль түсті.

Бүгін төрт салмақ дәрежесінде (ерлер: 73, 81 келі, әйелдер: 63, 70 келі) жеті дзюдошымыз татамиге көтерілді. Гран-При жарысындағы алғашқы медальді, ерлер арасында 73 келіде белдескен Жансай Смағұлов жеңіп алды. Жансай бірінші айналымда Турнер Эрондтан (Ұлыбритания) вазари әдісімен басым түссе, екінші кезеңдегі қарсыласы Дмитрий Канивец (Украина) үш шидо алуына байланысты, келесі айналымға қазақстандық жолдама алды. 1/8 финалда үш рет шидомен жазаланып, келесі кезеңге өте алмады. Ал жұбаныш белдесуінде, Сэм ванд Уэстендті (Нидерланды) иппонмен жеңіп, қола медаль үшін таласуға мүмкіндік алды. Қола үшін өткен айқаста, жергілікті балуан Тато Григалашвилиді иппонмен жеңді.

Ел қоржынына екінші қола медальді, 81 келіде сынға түскен Әзиз Қалмақанұлы салды. Қалқаманұлы жарысты екінші кезеңнен бастады. Әзиз Гран-При жарысындағы алғашқы қарсыласы Алексей Нефедовтен (Ресей) басым түскенімен, екінші айналымда  Моллой Сейдтен (Иран) жеңіліс тапты. Жұбаныш белдесуінде Георгид Папинашвилиден айласын асырып, қола медель сарапқа салынған белдесуде Денис Калининді (Ресей) иппонмен жеңді.

 

Ильяс СӘРСЕНБАЙ.

Сондай-ақ

ЖАС ШОРТ-ТРЕКШІЛЕР ЕУРОПАНЫҢ АБСОЛЮТТІ ЧЕМПИОНДАРЫ АТАНДЫ

  Литваның Электренай қаласында шорт-трек спортынан жастар арасындағы Еуропа чемпионаты өтті, деп хабарлайды dodasport.kz сайты. …