Бүгін Алматы қаласында Қанат Ислам бастаған боксшыларымыздың қатысуымен әдемі бокс кеші мәресіне жетті. Қазақтың батыр ұлдары ел намысын абыроймен қорғап, еңсемізді бір көтеріп тастады. 100 мыңға жуық оқырманы бар инстаграмм парақшасында халық жекпе-жектерді қызу талқылады. Спорт мамандарынан бөлек халық пікірін жариялауды да жөн көрдік. Ендеше Додаспорт инстаграмы сөйлейді:
Жәнібек кездесуінен соң:
@makaveliw — Бүгін қара жігіттердің талатын күні болды.
@aika_24.24 — Жәнібек жарайсың! Негірдің жағасын шығысқа қараттың!
@aladop.kz Бұл байғұс Генадан да жеңіліпті. Енді Қазақ деген сөзді естісе шошитын болды ғо.
Жаңқош кездесуінен соң:
@shynar10.04.1985 — Басқасын қайдам, осы сары шашты бәленің жерге қарағаны қандай керекмет болды… Кеше сонша қоразданып тұр еді!! Алла қуат берсін Жаңқош бауырыма.
@liza_27_83 — Кешегі құтырғанына жауап. @sugir.maria -өзіне де сол керек. Көп құтырып еді. @060bn — Мынаның шашы не пәле роллтон секіді.
Қанат кездесуінен соң:
@makat71239 — Бір жақсысы Генанікіндей тез аяқталмаған жекпе-жек.
@samat_kazanbay13 — Әй қазақ десе өзіме тиеді ғой, бала шағасымен шыққан ағаларға таңым бар. Әлемдік деңгей ғой бұд, той емес қой)
@altynai__berdimuratova — Жеңісің құтты болсын бауырым, бір жылдары елінен қолдау таппай, Олимпиадаға бара алмай «айтуға» оңай бағдарламасында жылап еді. Бүгін қуаныштан жылады. Құтты болсын бауырым жеңісін, сенің елге келгенің жеңіс. Басынан аяғына дейін көрдім. Өте жақсы жетістік, барлық жеңімпаздарға құтты болсын!
@runnerofthereatsteppe — Қанеке өте жақсы бокстасты. Ана қарсыласы өте шыдамды, мықты екен. Сабады. Сабап-сабап шаршады. Генаның жолын жалғастырды. Алға ағасы!
Кейбір оқырман Қанатқа көп дайындық керек екендігін, Генамен салыстырғанда тым осал екенін айтты. Кейбірі басқаша:
@kaurzhan1988 — Қызық ойын болды. Гена деп салыстыруды қою керек. 3-4 жылда Қанатта сол деңгейге шығуға мүмкіндігі бар. 12 раундтық бокс болғаны дұрыс болды. Алдағы кездесулеріне дайын болады. Енді Америкаға барып, сол жақтың ареналарын бағындырса. Сәттілік.
@abdiraimov_n — Құтты болсын жеңіс қазақ елі! Мен Қанатты Гена сияқта бірнеше соққымен бітіре салады деп ойлағам. Соққыңыз Генаныкы сияқта болмағаны ма? Қара баланы құлата алмай қойғаныңыз жаныма батты. Бүкіл әлем бізге қарап тұр. Тек қана ұпаймен ғана жеңіске жеткенге аса қуанған жоқпын. Сөздің шыны.
@abs4395 — Қою керек қой Генамен салыстырғанды. Олай бөлудің не қажеті бар? Екеуі де қазақтың атынан шығып жүр емес пе?! Гена әрқашан қазақтың туын желбіретіп шығады рингке. Екеуіне қарсы жекпе-жекті ұсынғандар олар іріткі салушылар. Екеуі де Қазақстаным демей ме?
Фото: nur.kz сайтынан
Бүгінгі кештен соң елімзде бокс спортының өте жоғары деңгейде екеніне көзіміз жетті. Жекпе-жектер өткен «Алматы аренада» ине шаншар орын болмады. Теледидардан қарап, әлеуметтік желілерді бір-бірін құттықтаған халық санында есеп жоқ Бұл бұқараның спортты сүйетінін, елім деген ерлер барда спорттың, ұдттық рухтың өлмейтінін білдіреді.