Бүгін, 28 қазан күні Қазақстан Республикасы Футбол федерациясы жиыны өтті. Жиында федерация президенті Ерлан Тоқтарханұлы Қожағапановтың отставкаға кету мәселесі қаралды.
Кезектен тыс сайлау Конференциясында Ерлан Қожағапанов өз еркімен жұмыстан кететінін мәлемдеді. Оған себеп ретінде Қожағапановтың бірнеше жылға созылатын шет елдегі оқуы айтылды. Ерлан Қожағапанов Қазақстан футбол федерациясының президенті қызметін 2012 жылдың желтоқсан айынан бастап атқарған болатын.
Федерация президенті қызметін уақытша Сейділда Байшаков атқаруда.