Конфедерация кубогы аясындағы «Д» тобының бәсекелері Тараз қаласында өтті.
Таеквондо спорты бойынша жарыстар қызықты әрі тартысты өтті. Бірінші айналымда Жамбыл облысы Ақтөбеліктерден 81-57 есебімен басым түсті. Атыраулықтар болса Маңғыстауды 59-54 есебімен ұтты.
Шешуші сында Атырау мен Жамбыл облыстары бәсекеге түсті. Тартысты өткен сайыста 88 -74 есебімен Жамбылдықтар басым түсіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Айта кетейік, ақтық сын желтоқсан айында Алматы қаласында өтеді.
Фото: Ізтұрған Алдауев