Жапония астанасында семсерлесу спорты бойынша 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия біріншілігі өтуде, деп хабарлайды dodasport.kz сайты.
Жарыстың төрт күнгі нәтижесінде спортшыларымыз жекелей сында бір ғана қола жүлдемен шектелді. Ульяна Балаганская шпага түрі бойынша қола жүлдегер атанды.
Бүгін қылыш түрі бойынша ерлер құрамасы ерледі. Құрамында Каримов Нұржан, Раманәлі Мұхамедәли, Серкебаев Қазбек және Қалиев Темірлан бар құрамамыз командалық сында қола медаль еншіледі. Соңғы қола жүлде үшін таласта спортшыларымыз Генконг командасын 45:43 есебімен жеңді. Финал үшін таласта жаңа Азия чемпиондары Оңтүстік Корея еліне есе жіберді.
Ертең жарыстың соңғы күні өтеді. Құрама бас бапкері спортшылардың жүлдеге ілігетініне сенеді.