«Табаған» кешенінде фристайлдың «шаңғы акробатикасы» деп аталатын түрінен жарысатындар ресми жаттығу бастады. Жолды байқап көрген Жібек Арапбаева жаттығудан алған әсері мен алдағы жарыстан не күтетінін айтып берді.
— Жол жақсы екен, бірақ қары көбірек болса тіпті қатып кететін еді. Алматыда қазір күн райы жылы болып тұр ғой, сондықтан жолдың жағдайына көңілім толады.
Спортшылардың жарысқа дайындығы жақсы. Өз елімізде дайындалғым да келеді, бірақ жиі ұшатындықтан ккөп уақытым жаттығумен емес, ұшақтың ішінде өтеді. Книверсиадада алғашқы үштікке енем деген жоспарым бар.
Қарсыластарымның бәрі кілең күшті спортылар. Талас—тартыс та соған қарағанда күшті болады деп отырмын. Мықты спортшыларымыз қазір Солтүстік Америкадағы әлем кубогынан шыға алмай жатыр. Алдында сөйлескенде, атақты спортшылардың біразы біздің елге келіп, жарысқа қатысқысы келетінін айтқан. Сәті түссе, келіп те қалатын шығар. Мен өзімді Қазақстан құрамасындағы ең тәжірибелі спортшы санамаймын. Бәрі өзінше мықты. Әлем кубогына, олимпиадаға қатысқандар кілең. Командамыз өте ұйымшыл.