Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Ауыр атлетика / ИЛЬЯ ИЛЬИН ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАЙТА КІРІСТІ

ИЛЬЯ ИЛЬИН ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАЙТА КІРІСТІ

Допинг дауына ілінген қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин жаттығу жұмыстарына қайта оралды.
«Бүгін ұзақ уақыттан бері жасаған алғашқы үлкен жаттығуым болды. Соңғы рет нәтижеме көңілім толған кезім есімде жоқ. Бүгін тыңбай еңбектеніп, өзімді бақытты сезініп отырмын! Today I did very good training! Жұлқа көтеру 150, серпе көтеру 170», — деп жазыпты Ильин өзінің Instagram желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, екі дүркін олимпиада чемпионы, төрт мәрте әлем чемпионы атағын алған Илья Ильин 2008 және 2012 жылғы Олимпиада ойындарында тыйым салынған дәрумендерді қолданғаны үшін жарыстардан шеттетілген еді.
Ақпарат: inform.kz

Сондай-ақ

КЕНИЯ МЕМЛЕКЕТІ ХОК-ТАН ШЕТТЕТІЛУІ МҮМКІН

  Халықаралық Олимпиада Комитеті Кения мемлекетін келесі аптада шеттетуі мүмкін. 9 наурыз күні Олимпиада Комитетінің …