Басты бет / Әлем / КАДЫРОВ ОЛИМПИАДАДАН ШЕТТЕТІЛГЕН СПОРТШЫЛАРҒА КӨЛІК СЫЙЛАДЫ

КАДЫРОВ ОЛИМПИАДАДАН ШЕТТЕТІЛГЕН СПОРТШЫЛАРҒА КӨЛІК СЫЙЛАДЫ

Шешен Республикасының басшысы Рамазан Кадыров Олимпиададан шеттетілген Шешендіктерге көлік сыйлады.

Кадыров спортшылардың жеңілісі мен сәтсіздіктері Ресей Федерациясындағы допинг дауына байланысты дейді. Шешен Республикасынан төрт спортшы Олимпиада ойындарына допинг дауына байланысты бара алмады, оның екеуі ауыр атлет.

«Спортшылардың төккен тері мен қажырлы еңбегі лайықты бағаланды. Біз оларға автокөліктер сыйға тарттық делінген»,- шенеуніктің әлеуметтік желідегі парақшасында.

«Спортшыларымызбен мақтанамыз, олар алдағы уақытта мықтылығын дәлелдеп, Олимпиада чемпионы болады. Барлық мәселе допинг дауында болып отыр. Нешінші орын алса да, жалған айып тағылса да біз спортшыларымызды соңына дейін қолдаймыЗ», — деді Кадыров.

Төрт спортшыға да Mercedes-Benz автокөлігінің кілті табыс етілді.

Сондай-ақ

МАҚСАТ БІРЕУ БАҒЫТ АЙҚЫН

Алматыдағы «Aidar Classis» бокс залында КСРО- ға еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының …