Бүгін, Қазақстан Ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы додасының ашылу ойынында, Грузия құрамасына қарсы ойын өткізеді.
Кездесу сиымдылығы 30 000 көрермендік «Астана Арена» стадионында өтеді, басталуы сағат 20:00-де. Қазақстандық «Qazsport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді.
Ойынға Түркия елінен келген Халил Мелер төрелік ететін болады.
Айта кетсек, Қазақстан Ұлттық құрамасы D тобында өнер көрсетеді. Ұлттық құрамамыздың қарсыластары Грузиядан бөлек, Андорра және Латвия құрамалары болмақ.