Бүгін, «Қайрат» футбол клубы бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев баспасөз мәслихатында, алматылық «Қайрат» клубының бас бапкері Карлос Феррер қызметінен босатылғанын хабарлады.
43 жастағы испандық маман «Қайрат» клубын 2017-шы жылдан бері жаттықтырған еді. Бас бапкер қызметіне тағайындалған жылы Карлос Феррер «Қайрат» клубымен Қазақстан Премьер-лигасының күміс жүлдегер және Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанған болады. Ал биылғы маусымда да Қазақстан Премьер-лигасының екінші орынына орнығып, Қазақстан Кубогының ақтық сынына өткен болатын.
Алматылық клубтың жаңа бас бапкері қызметін уақытша қазақстандық маман Андрей Карпович атқарады. Ал жаңа маусымда бас бапкер қызметіне германиялық маман тағайындалады.