Коньки спорты бойынша Қазақстан чемпионаты «Алау» мұз айданында өтті. Сайысқа сегіз облыстан 130 спортшы қатысты.
Жарыстың алғашқы күні тартысқа толы өтті. 5 және 3 мың метр қашықтықта Дмитрий Бабенко мен Елена Урванцева чемпион атанды. Жеңіске жеткен қос спортшы әлем кубоктарында ел намысын қорғайтын болады.
Айта кету керек, әлем кубогының үшінші кезеңі Астана қаласында өтеді деп жоспарланған. Жалпы алғанда ұлттық құраманың биылғы жоспары өте күрделі. Келер жылы Оңтүстік Корея елінде қысқы ақ ойындар күтіп тұр. Одан бөлек Алматыда өтетін Универсияда ойындарында жоғары нәтиже көрсетуде мыңызды.
Жарыстың екінші күні. Ерлер. 1000 метр:
1. Роман Креч
2. Федор Мезенцев
3. Денис Кузин
Әйелдер арасындағы 1000 метр бәсекеде Екатерина Айдова қарсылас шақ келтірмей, жеңіске жетті. Екінші орында Татьяна Климчук.
Дмитрий Бабенко өзінің басты дистанциясы 10 мың метрде жеңіске жетті. Әйелдер арасындағы 5000 метрде Эльвира Халикова жеңімпаз.