ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН КАНЕЛОМЕН ӨТКІЗГЕН ЕКІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНЕН КЕЙІН ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин туған жері Қарағандыға қайтып оралды.

Бүгін, 2-ші қазан күні, Головкин өткен жылы Майқұдықта ашылып, оған өзінің аты берілген дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барды.

Голокиннің келуі бересми шара болатын, боксшы ол жерде спорт кешенінің жұмысымен танысты.

Естеріңізге сала кетсек, Лас-Вегаста өткен бокс кешінде отандасымыз Геннадий Головкин қарсыласы мексикалық Сауль Альвареске төрешілердің шешімімен есе жіберген болатын.

Сурет: «Ekaraganda.kz» Instagram парақшасынан

Бөлісу: