ЖАС МУАЙ-ТАЙШЫЛАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН 12 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

3-11 тамыз аралығында Тайланд елінде жасөспірімдер арасындағы Муай-тай спортынан әлем чемпионаты өтті. Сайысқа 79 елден 1000-нан астам спортшы қатысты.
Қазақстан атынан 18 спортшы қатысып, 12-сі жүлдегер атанды. Әлем чемпионы атағына Иван Партал қол жеткізді. Жеті бірдей спортшымыз ақтық сынға дейін жетіп, күмісті қанағат тұтты: Шамиль Ермағамбетов, Чингисхан Ыбырай, Хусеин Абдуллаев, Рымбек Сеитбек, Бауыржан Мұхъамедәлі, Давид Ысқақ, Рахат Биназар.
Күміс жүлдеге қол жеткізгендер: Ердан Ертуғанов, Александр Цариков, Нұрсұлтан Аюпов және Дмитрий Комар.