Бүгін Бакуде дзюдодан лицензиялық әлем чемпионаты басталды. Алғашқы жарыс күнінде 60 келідегі ерлер мен 48 келідегі қыздар шын мықтыны анықтайды.
Өкінішке қарай, Ғұсман Қырғызбаев үшінші айналымда жеңіліп қалды.
Қырғызбаев бірінші кездесуде түркиялық Ахмед Кабаны, екінші белдесуде монаколық Ян Сиккардиді жеңген.
Өкінішке қарай, өз тобындағы соңғы кездесуде бразилиялық Эрик Такаватакеден ұтылып қалды.
Дереккөз: Olympic.kz