Басты бет / Бокс / МЫРЗАҒАЛИ АЙТЖАНОВ: «ҚҰРАМА РИОҒА 70% ДАЙЫН»

МЫРЗАҒАЛИ АЙТЖАНОВ: «ҚҰРАМА РИОҒА 70% ДАЙЫН»

 

Астанадағы боксты дамыту орталғында бүгін шетелдік кәсіпқойлар мен біздің құрама арасында спаррингтар өтті. Олимпиада алдындағы жиындарда біздің спортшыларға Колумбия, Доминикана, Мексика мен АҚШ-тан келген 9 кәсіпқой боксшы дайындалуға көмектесіп жатыр деп Қазақстанның бокс федерациясының баспасөз-қызметі хабарлады.

— «Барлығы жоспар бойынша өтті. Жігіттер 70%-ға дайын. Қажетті түрде жұмыс жасадық. Ойындарға дайындықты Рионың өз басында жүргіземіз. Қазір мұнда жұдырықтасу кезіндегі тәжірибе алудамыз. Негізі машықтарды біз жұдырықтасуларда алдық. Бұл әлемнің ең мықты кәсіпқойлары емес, бұл орташа боксшылар. Бұл жаттығулар бізден гөрі оларға қызықтырақ болды себебі қазақстандық бокс әлемге өте танымал. Және біздің жерлесіміз Қанат Ислам Данияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы және Әділбек Ниязымбетовпен біраз жұмыс істеп, боксшыларға риза болды. Ол келесі кездесуіне АҚШ-та дайындалғанша біздің жігіттермен қызу дайындықтар жүргізді» — деп ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов сұхбат берді.

Сондай-ақ

ҚАМШЫБЕК ҚОҢҚАБАЕВҚА АВТОКӨЛІКТІҢ КІЛТІ БЕРІЛДІ

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Германия және Қытай мемлекеттерінде өткен Әлем чемпионаттарының күміс жүлдегерлерімен кездесті. …