Бүгін мәнерлеп сырғанаушылар арасындағы Универсиада ойындарының алғышқы бәсекелері басталды.
Қыздар қысқы бағдарламада бақ сынады. Ресейліктер Алматы Универсиадасына чемпион қыздарын алып келіпті. Оның дәлелі ретінде Ресейлік қос спортшы Радионова Елена мен Токтамышова Елезавета 69 ұпаймен көш бастап тұр.
Үшінші орындағы Жапониялық Ритая Рин 61 ұпай еншілеген.
Қазақстандық спортшылар арасында іріктеуден Мамбекова Айза өтті. Ол 30 мәнерлеп сырғанаушы арасынан 41 ұпаймен 16-шы орында келеді. Тағы бір спортшымыз Адыханова Жансая 23-ші орында еркін бағдарламаға барламаға жолдама алды. Шевелова Вероника 24-ші орынмен сайысты аяқтады.
Сөйтіп үш қызымыз да еркін бағдарламаға жолдама алып отыр.