Норвегияның Драммен қаласында шаңғы спорты бойынша әлем кубогының кезеңі өтуде.
Жалпы бұл кезеңге Қазақстан атынан тек Алексей Полторанин сынға түсуде. Классикалық әдіспен спринттік бәсекеде отандасымыз іріктеу кезеңінен аса алмады.
Норвегиялық шаңғышылар Йоханнес Хёсфлот Клабо, Эйрик Браннсдал және Сондре Турволь Фоссли үздік үштіктен көрінді.
Алексей Полторанин болса бар болғаны 47-ші орынды қанағат тұтты.