Ресейлік жеңіл атлет Мария Савинова 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының алтын медалынан айырылды.
Халықаралық төрелік сот жеңіл атлетті төрт жылға спорттан шеттетті. 2010 жылдың 26 шілдесі мен 2013 жылдың тамызы аралығында спортшы көрсеткен барлық көрсеткіш жоққа шығарылатын болады. Төрелік сот спортшының рұқсат етілмеген препараттарды қолданған дәлелдеп берді.
Мария Савионова Олимпиада алтынынан бөлек екі дүркін әлем чемпионы атағынан және Еуропаның алтынынан айырылды.