Басты бет / Басқа түрлер / САМБОШЫҒА ЖЕРЛЕСТЕРІ РИЗАШЫЛЫҒЫН ӨЛЕҢ ЖОЛДАРЫМЕН БІЛДІРДІ

САМБОШЫҒА ЖЕРЛЕСТЕРІ РИЗАШЫЛЫҒЫН ӨЛЕҢ ЖОЛДАРЫМЕН БІЛДІРДІ

 

Хорватияның Пореч қаласында  самбо күресінен ардагерлер арасындағы әлем чемпионатында отандасымыз Қайсар Құсайынов 74 келі салмақта күміс медаль еншілеген болатын.

Сан елдің спорттағы саңлақтары күш сынасқан жерде жерлесіміздің топ жарғаны ерекше қуантқан болатын…

«Жеңісің құтты болсын!» деген игі тілектің аясында айтылып қалған әдемі тілек- тартымды шумақты ақынжанды ағамыз Адақ Шотпанов арнаған еді палуан спортшыға…!

 

Күміс медаль
(Қ.Құсайыновқа…)
Алқа тақтың талай рет алтыннан,
Алғыс алып өсірген ел-халқыңнан.
Күміс тағып ортамызға кеп тұрсың,
Көңіл құсы жайма-шуақ шалқыған.

Жеңіс үшін айқасатын салтың бар,
Сан мықтылар бәсекеде жарқылдар.
Кей кездері орныменен өзгеше,
Күміс медаль мықты болар алтыннан!

Хас жүйріктер оза шауып, желеді,
Бағы жанған бәйгені озып келеді.
Өне бойы ала бермей алтынды,
Күмісті де көргеніміз жөн еді.

Күміс белбеу жарасады жігітке,
Күміс шолпы қыз көркіне серік те.
Күміс сапты қанжар болса қаруың,
Күміс тұрман арғымақ тән ерлікке.

Берекелі бола берсін жұмысың,
Батыстағы мықтылардың бірісің.
Алда талай болар алтын медальдар,
Ал, әзірге құтты болсын күмісің!

Адақ Танабай
Шыңғырлау, 24. Х. 2016 жыл

Сондай-ақ

ҚАНАТ ИСЛАМНЫҢ АЛЛОТЕЙДІ ҚҰЛАТА АЛМАҒАН СЕБЕБІ

  Жасырары жоқ, бұл кәсіби рингтегі ең ауыр жекпе-жегім болды. Осыған дейінгі айқастарымда да соңғы …