Басты бет / Соңғы жаңалықтар / СЕЙДІЛДӘ БАЙШАҚОВ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ АТАНАДЫ

СЕЙДІЛДӘ БАЙШАҚОВ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ АТАНАДЫ

 

Астана қаласында футбол федерациясының  жиыны өтті. Федерация мүшелері жаңа басшыға кандидаттарды жариялады. Сейділдә Байшақовқа аймақтық федерациялар өкілдері бірауыздан дауыс беріп, оны ҚФФ президенті қызметіне жалғыз үміткер ретінде ұсынды.

«Қайрат» пен КСРО құрамасында ойнаған Сейділдә Байшақовты президенттік қызметке аймақтық федерациялардың мүшелері бір ауыздан ұсынған.

Естеріңізге сала кетейін, бұрынғы президент Ерлан Қожағапанов 28-ші қазан күні қызметінен өз еркімен кеткен болатын.

Сейділдә Икрамұлы Байшақов
1950 жылы 28 шілде күні дүниеге келген.

Футболшы ретінде «Қайрат» пен КСРО құрамасында ойнаған.

Атқарған қызметтері:

— «Қайрат» футбол клубының бірінші вице-президенті

—  Шағын футболдан Қазақстан Республикасы бірлестігінің президенті.

— ҚФФ балалар мен жасөсіпірімдер футболының маманы.

— ФСК вице-президенті.

— ФСК төрешілер комитетінің төрағасы.

—ҰФЛ-ның президенті.

— ҚФФ вице-президенті.

— Техникалық Комитеттің төрағасы

— 19 ақпаннан бастап ҚФФ президенті қызметін атқарушы

КСРО спорт шебері, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы.

ҚР футбол ардагерлері одағының президенті

Сондай-ақ

МЕССИ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІ 2018-ГЕ ҚАТЫСАТЫН ҚҰРАМАЛАР ЖАЙЛЫ ӨЗ ОЙЫН АЙТТЫ

Аргентина ұлттық құрамасының және «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси алдағы әлем біріншілігінде топ жарып шығуы …