Басты бет / Мақала / СЕЙДІЛДӘ БАЙШАҚОВ ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

СЕЙДІЛДӘ БАЙШАҚОВ ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Сейілда Байшақов Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланды.
28 қарашада Астанада Қазақстан футбол федерациясының XIV кезектен тыс сайлау конференциясы өтті. Күн тәртібінде ҚФФ президентін сайлау мәселесі көтерілді. Конференцияның жұмысына федерация мүшелері және Атқарушы комитеттің мүшелері, ҚФФ аппараты, аймақтық футбол федерацияларының делегаттары, БАҚ өкілдері қатысты.
Шара шеңберінде делегаттар Сейілда Байшақовтың кандидатурасы үшін дауыс берді. Дауыс берудің қорытындысы бойынша Сейілда Байшақов 2020 жылдың 28 қарашасына дейінгі мерзімге Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланды.
Федерацияның жаңадан сайланған президенті Сейілдә Байшақов ҚФФ конференциясына қатысушыларға өзіне көрсетілген зор сенім мен қолдау үшін алғыс айтты.
«Сіздердің сенімдеріңіз бен жоғары бағаларыңызды шын жүректен бағалаймын. Өз тарапымнен, елімізде футболдың жан-жақты дамуына бар күш-жігерімді саламын. Алға қойылған міндеттерді лайықты орындап, биік мақсаттарға жетіп, жаңа шыңдарды бағындыру үшін футболды сапалық жаңа деңгейге көтеретінімізге сенімдімін», – деп атап көрсетті Сейілда Байшақов.

УЕФА-ның бақылаушысы Жак Бондаллаз Сейілда Байшақовты жаңа қызыметімен құттықтады.
«УЕФА президентінің атынан ҚФФ Президентінің жаңа қызыметке сайлануымен құттықтағымыз келеді. Сейілда Байшақов — Қазақстан футболының аңызы. Ол кеңес үкіметінің мықты лигасында 7 маусым өткізді. КСРО құрамасында ойнады, сол кезде Венгрияға қарсы іріктеу ойынын өткізген, қазір ҚФФ-ның Президенті. Алдағы уақытта жұмысыңызға сəттілік тілеймін. УЕФА сізді қолдап, көмектесуге дайын екенін ұмытпаңыз. Кез-келген сұрақ бойынша бізге шығыңыздар»

Сондай-ақ

МЕССИ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІ 2018-ГЕ ҚАТЫСАТЫН ҚҰРАМАЛАР ЖАЙЛЫ ӨЗ ОЙЫН АЙТТЫ

Аргентина ұлттық құрамасының және «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси алдағы әлем біріншілігінде топ жарып шығуы …