Жапония астанасында семсерлесу спорты бойынша 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия біріншілігі мәресіне жетті, деп хабарлайды dodasport.kz сайты.
Жарыстың нәтижесінде спортшыларымыз жекелей сында бір ғана қола жүлдемен шектелді. Ульяна Балаганская шпага түрі бойынша қола жүлдегер атанды.
Токиода өтіп жатқан Азия чемпионатының командалық сынында семсерлесуші ұлдарымыз қола жүлдегер атанғанын айтқанбыз.
Бүгін қыздарымыз Диана Паманша, Айбике Хабибуллина, Татьяна Приходько, Дана Аманжолова қылыштасудан (сабля) командалық қола жүлдені иеленді. Шпага түрі бойынша да қыздар құрамасы қола жүлдегер атанды: Ульяна Балаганская, Александра Кралюк және Татьяна Приходько.
Сонымен, 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатының нәтижесінде құрама қоржынында төрт қола медаль.