Басты бет / Басқа түрлер / СЕРГЕЙ ЕМЕЛЬЯНОВ ӨТКЕН МАУСЫМДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

СЕРГЕЙ ЕМЕЛЬЯНОВ ӨТКЕН МАУСЫМДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Белоруссияның астанасы Минск қаласында өткен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатының чемпионы Сергей Емельянов өткен маусымдағы нәтижесіне баға берді.
Сергей Емельянов: Келер жылы нәтижемізді жақсартқымыз келеді.
«Бұл маусым мен үшін өте сәтті өтті. Ойлаған жоспарларымыздың бәрі жүзеге асты. Бір өкініштісі төрт жылдықтың додасына қатыса алмадық. Алда қысқы жаттығу жиындары келе жатыр. Жаңа маусымға тыңғылықты дайындалатын боламыз. Үлкен жұмыс күтіп тұр. Мен дайынмын!
Ескек есу спорты бойынша алғашқы бәсекелер Қазақстан кубогынан басталады. Көрсеткен нәтижемізге байланысты әлем кубоктарына, әлем чемпионаттары мен Азия чемпионатына құрама мүшелері жасақталады.
Жаңа маусымда әлем чемпионатында көрсеткен нәтижелерімізді жақсартқымыз келеді. Осы үшін ағам екеуміз үлкен мақсат қойдық!
Шынымды айтсам жаттығуларды қатты сағына қойған жоқпын. Себебі өткен жыл өте қарбалас өтті. Отбасыммен бірге көбірек болғым келеді. Дегенмен қазіргі күндері күн сайын жаттығып жүрмін. Өзенге келіп жаңадан салынған ескек есу кешенінде күніміздің жартысын өткіземіз. Мұнда барлық жағдай жасалған.
Өз-өзіммен жұмыс жасау, жаңа дүниелерді танып алға қарай ұмтылу менің сүйікті ісім. Олимпиада ойындарын үзбей  қарадық. Командамызға жанкүйер болдық. Барлықтары өз деңгейінде жақсы бәсекелестік танытты. Әсіресе қыздарға риза болдым. Лондон Олимпиадасымен салыстырғанда Рио Олимпиадасы табысты болды. Мұның өзі ескек есу спортында алға ілгерушілік бар екенін көрсетеді», — дейді Сергей Емельянов
Айта кетейік, Белоруссияның астанасы Минск қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында Сергей ағасы Тимофеймен бірге екілік сайыстың чемпиондары атанған болатын.

Сондай-ақ

ГОЛОВКИН VS АЛЬВАРЕС АЛҒАШҚЫ КӨЗ ТҮЙІСТІРУ

Орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0, …