АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО ВЕЛО МАУСЫМДЫ ТҮРКИЯ ТУРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕСІМЕН АЯҚТАДЫ

Қазақстан чемпионы Алексей Луценко вело маусымды жоғары деңгейде аяқтап, Түркия Президенттік турының күміс жүлдегері атанды.

Түркия Президенттік турының соңғы кезеңі Ыстамбұл қаласында мәресіне жетті. «Астана» шабандоздары жалпы бұл жарысты жақсы деңгейде өткізді деп айтуға болады.

Алексей Луценко үшін де биылғы маусым өте сәтті өтті. Ол маусымдағы өзінің ең алғашқы жарысы Оман турында бірінші орын иегері атанса, Австрия турының кезең жеңімпазы, Қазақстан чемпионатының жеңімпазы, Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы, Түркия Президенттік турының патшалық кезеңінің жеңімпазы және Түркия Президенттік турының қорытындысы бойынша күміс жүлдегер атанды.

Сурет: Bettiniphoto.net сайтынан

Бөлісу: