Қазақстан Республикасы Таеквондо Федерациясының (WTF) спортшылары Халықаралық «Түркия оупен 2017» турниріне қатысты. Жастарымыз төрт медаль иеленді.
Дәстүрге айналған Халықаралық турнирге әлемнің 50-ден астам мемлекетінен 1500-ге жуық таеквондошы қатысты.
Кадеттер арасында Бақытжан Әбілхасан (41 кг), Нусналим Бекжан (49 кг) және Марипов Абдурахмон (53 кг) алтын жүлде иеленді. Жарылқасынов Ілияс 37 келі салмақта қола жүлдегер атанды. Бұл туралы Таеквондо федерациясының ресми парақщасында жарияланған.